28 Қырқ 2024
Жаңалықтар

«Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы» тақырыбында көңілді эстафеталық ойындар өтті

ШҚО, Тарбағатай ауданы, «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің тәрбие саласы бойынша «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларымен «Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы» тақырыбында көңілді эстафеталық ойындар өтті.

Бүгінгі оқушы ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-анасы, мектеп, оқу орнындағы қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Ж.Әділбеков

#Біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Эстафеталық_ойын

Пайдалы ақпараттық ресурстар