28 Қырқ 2024
Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

ШҚО, Тарбағатай ауданы, «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де 2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.

Жиналыстың күн тәртібі:
1. 2024-2025 жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру;
2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен таныстыру;
3. 2024-2025 оқу жылындағы мектептің ішкі тәртіп ережесімен, оқушы формасымен (имиджімен) таныстыру;
4. Оқушылардың мектеп формасы жане ыстық тамақпен қамтылуы;
5. «Мектепке жол» акциясы;
6. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
7. 2024-2025 оқу жылындағы жалпы мектеп «Ата-аналар кеңесінің құрамын» сайлау;
8. Әр түрлі мәселелер.

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Мектептің тәрбие саласының мамандары ата-аналарды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, qr арқылы тіркеді. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістері туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Жиналысқа келген ата-аналар өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.

#Біртұтас_тәрбие
#Жалпы_ата_аналар_жиналысы
#QR_Oqu_agartu_ministrligi
#Министерство_просвещения_РК
#ЫАлтынсаринатындағыұлттықбілімакадемиясы
#MeruertMedetbekova
#АнарТәңірбергенова
#ШҚО_Тарбағатай_ауданы

Пайдалы ақпараттық ресурстар