22 Қаң 2024
Жаңалықтар

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ!

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…
Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» - деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам-мұғалім.
Бүгін «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-нің ардагер ұстаздары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсембаевтің Алғыс хатымен марапатталды! Мектебімізде талай жылдар еңбек етіп, өмірлерін бала оқытуға арнаған ұстаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар