25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "СШ имени М.Ауэзова"

Мектеп туралы

 

М.Әуезов атындағы орта мектебінің тарихы

      М.Әуезов  атындағы орта  мектебі алғаш  1938 жылы Жаңатілеу  бастауыш мектебі болып ашылған, ал 1974 жылы орыстың ұлы  педагогы К.Д.Ушинскийдің туғанына 150 жыл толу құрметіне байланысты бұл мектептің аты К.Д.Ушинский атындағы  бастауыш мектеп болып өзгертілді.

1985 жылдың қараша айында жаңа типтік жобамен салынған  оқу ғимараты пайдалануға берілді. 1993 жылдан бастап мектеп қазақ халқының ұлы  жазушысы М.Әуезов есімімен аталды. Бұл білім ордасына  1985 жылдан 1988 жылға дейін Жәнібек Мұхамадиев, 1989-1990 жылдары Түсен Мұқатов, 1990-1991 жылдары Б.Алдауышев, 1992-2002 жылдар аралығында Бектұр Қанафин басшылық етсе, 2002-2008 оқу жылдарында  Төлеген Қалимажанов басшы болды. 2009 -2012 оқу  жылына дейін Әділ Егінбаев басшылық етсе, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Ермек Шаймарданов мектеп директоры болып тағайындалды. 2013-2018 жылдар аралығында Нурахметова Алия Капашовна мектеп директоры болып  қызмет атқарды. 2018 жылдың ақпан айынан бастап мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы болып Саябаев Беделбек Иманбекұлы қызмет  атқарса,Қазіргі таңда

2019  жылдың наурыз айынан  бастап,Канагатов Марат Айкенұлы

қызмет  атқарып келеді. Әр жылдары осы мектепте оқу ісінің меңгерушілері қызметін атқарған З.Нұғыманова, Қ.Зейнелсадықова, З.Зағибаева, А.Кадирова, Г.Жазықбаева, Н.Муқаева, Ф.Малғажинова, М.Канағатов. Ал енді, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.Қожахметова, А.Игісінова, А.Кадирова, Ү.Жылыбаева, З.Зағибаева, Г.Соқпақбаева, А.Темешов, Л.Жүнісбекова сияқты ұстаздардың елеулі еңбегін ұжым ризашылықпен еске алады. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары: М.Жаңбырбаев, Т.Абилмажинов, Б.Қыдырмолдин, Р.Кендіржанов. «Маған жақсы ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, осы  жылдар ішінде шәкірт жүрегіне жол тауып, оның көкірек көзін оятып, білімге құштарлығын арттыру жолында еңбек еткен ұстаздар мен әлі де осы жолда аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар көптеп саналады: Р.А.Теміржанов, Р.Хамзина, М.Еңсебаева, Т.Тұмарова, З.Жанханова, С.Тоқтаубаев, К.Мукашева, К.Дайылбаев, О.Құрманғалиева, К.Сағидолдина, Қ.Әмірханова, Ә.Ахметкариов, Т.Сансызбаев, М.Жатқанбаев, Т.Сансызбаев, Ю.Әлімханова, Хасенова Гүлсара, Билялова Галина, Бейсембаева Мария, Жакишева Торғын, Нурахманова Гулнар, Қажаева Роза, Мукамадиева Меруерт, Заманбекова Күлжанат, Муканова Бағдагүл, Мукашева Кашен, Құрманғалиева Оразғайша, Әкенова Сара, Теміржанов Ахмет, Токимова Шәмшібану, Такирова Нурғамила, Абиханова Нуриман, Муканбаева Гулнар, Мұхатова Ғафура, Ануарбекова Бақыт, Нұғманова Күлшат, Мұхаметжанова Зәмзәгүл, Отарғалиева Сайлаугүл, Ануарбекова Бақыт, Тоқтарова Майра, Хамзина Роза, Қамысбаева Айгуль, Айгуль Нуржановна, Сапиева Қуанған, Нұршайхина Раушан, Амирханова Қашар, Қамиева Гүлсім, Тоқабаева Күлзипа, Сағидолдина Күләш, Хамитжанова Бақытгүл, Арпабаева Алия, Қалқанова Камила, , Такекова Клара, Көкенова Гүлнар, Құмарова Сабира, Жолдыбаев Болат, Отарғалиева Сайлаугүл, Кадирова Алмагүл, Китанова Айгүл, Габимуллина Ғалия, Ахметов Мәдениет, Еңсебаева Мағыш, Тұмарова Толқын, Айтқожина Жаңыл сияқты ардагер ұстаздардың еңбегін атамай кетуге болмайды. Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары, оқу-тәрбие жұмысына көп жыл еңбек етіп үнемі шығармашылықпен жұмыс істеген ұстаздардың абройлы еңбегі елеусіз қалмай, әрдайым тиісті атақ-дәрежелерін алып, марапатталып, озық іс тәжірибелері таратылып отырды. Атап айтқанда, «еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері М.Бейсенбаева, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің озық қызметкері атағына ие болған ұстаздар: Қ.Қалқанова, Л.Қожақметова, О.Құрманғалиева, Н.Мұқабаева, К.Сағидолдина, Б.Қанафин, Т.Мұқатов, Н.Мұқатова, К.Мұқашева, Г.Төкенова Қ.Р. Білім беру минстрлігінен мақтау алған ұстаздар. М.Еңсебаева, Т.Зейнолдина, А.Нұрғалиева, З.Зағибаева, Б.Ануарбекова, А.Кадирова, Т.Қалимажанов, М.Мұқаева «әдіскер мұғалім» атағын алған ұстаздар. Облыстық аудандық мақтау  грамоталарымен марапатталаған Ж.Айтқожина, Ш.Токимова, Г.Оскенбаева, М. Қуанышева, М.Қанағатов,   А.Нурахметова, Г.Исалинова, Г.Габимуллина сияқты ұстаздардың еңбегі зор.   Қазақстан педагогтар қауымдастығы төр алақасының шешімімен қауымдастықтың мақасаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеіне қосқан үлесі үшін төс белгі иеленген ұстаздар: Көкенова Гүлнар, Оскенбаева Гүлбаршын,  Нурахметова Алия, Кожахметова Гүлнар Ғазизовна, Рахымжанова Салтанат, Заманбекова Күлжанат.

Мектеп тарихында еңбек еткен кітапханашылар: Шайханова Файза, Малшерова Сайраш, Маямерова Бибисара, Рахатова Бақытгүл, Мұратова Динара, Қасымова Әсем.

Мектеп партасына  алғаш  рет  1125  оқушы келіп  отырды. Оларға 102 мұғалім білім берді. Барлығы 31 сынып кешені бар. Мектепте 10000 астам кітап қоры бар үлкен кітапхана. Жақсы жабдықталған асхана оқушыларға екі ауысымдада қызмет көрсетеді. Мектепте дәрігерлік бөлімше ашылды.  Дәрігерлік бөлімшеде қызмет атқарған медбикелер: К.Темешова, Г.Абдугалиева, Е. Жұмабекова. Сондай-ақ компьютерлік кабинет бар, онда компьютерлер интерактивтік жүйеге  қосылған және интерактивті тақталар бар кабинеттер іске қосылды. Шағын орталықтар ашылып қызмет көрсетуде. Ал мектеп жанынан ашылған «Айгөлек» шағын орталығында  мектепке  дейінгі балаларға арналған 3 толық күнді топ жұмыс істейді.Онда 6 тәрбиеші, 3 көмекші тәрбиеші жұмыс атқарады. Әдістемелік көмек көрсететін  шағын орталық әдіскері Б.Қыдырбекова және балаларды қабылдап алатын медбике Г.Батырбаева салауатты және білімді болып жетілуіне өз үлестерін қосуда. Білімді ұрпақ – білімді  ұстаздан, білікті маманнан.

Қазіргі таңда, ұжымда қызмет істейтін ұстаздар саны- 65.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Бүгінгі күні А.Амиргазина, З.Кисамбинова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, Г.Шектыбаева ,А.Орапзғалиева директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін  атқарса, Ж.Сәрсенов қосымша  білім  беру  педагогы және С.Серғазина ұйымдастырушы-педагог, Л.Касенова тәлімгер және Е.Жұмажанов  директордың шаруашылық ісі  жөніндегі  орынбасары, А.Мыскенова әлеуметтік педагог болып жұмыс  атқарады. Оқушылардың таным  белсенділігін арттыру, мінез-құлқын зерттеу тәрбиелеу мақсатында психолог мамандар А.Нурпейсова,А.Ибраева қызмет  етеді.

М.Әуезов атындағы  орта  мектеп жаңа ғимаратының құрылысы.

Жаңа мектеп ғимаратының құрылысы 2014ж басталып, 2019ж наурыз айында мектеп  ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп құрлысы мектеп интернат ғимараттары 3 қабаттан  тұрады.

Мектеп  ауласының жер  телімі-4га

Мектептің жалпы  ауданы-6667,2 м

Интернаттың жалпы  ауданы-6187,32м

Мектеп бойынша жалпы 71 кабинет  бар,оның 34 оқу  кабинеттері, жаңа модификацияланған кабинеттер.Мектепте санитарлық талаптарға сай 200 орындық асхана,1 медициналық кабинет(26,5м2), 228 орындық АКТ залы(260,5м2),1спорт  зал (539м2),1кітапхана  бар (136,9м).Жалпы  мектеп  ғимаратының ішінде санитарлық талапқа   сай жабдықталған әжетхана және жуыну бөлмелері бар.

Жиыны әжетхана-22,жуыну бөлмесі-13.Гардероб-2 (60,3м2

Мектептегі барлық компьютерлер саны-85.Интерактивті тақта-12+(2)

«М.Әуезов атындағы орта  мектебі»КММ-де 433 оқушы оқып  отыр.

1-4 сынып оқушылар саны-214

5-9сынып оқушылар саны-187

10-11сынып  оқушылар саны 33

Пайдалы ақпараттық ресурстар