19 Қаң 2024
Жаңалықтар

Менің арманым - менің болашағым

«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де тәрбие саласы бойынша, кәсіптік бағдар беруші Б.Сабырбаеваның ұйымдастыруымен мектебіміздің түлегі Жүнісханова Назирамен «Менің арманым-менің болашағым» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Назира өзі оқып жатқан Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі туралы пайдалы ақпараттармен, оқытылатын мамандықтарға қатысты мәліметтермен бөлісті. Студенттік өмірдің қызықтарымен қатар, адам өзіне жақын саласын таңдау керектігін айтып өтті! Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пайдалы ақпараттарға толы жауаптар алынды.
#Кәсіптікбағдарберу
#Түлекпенкездесу

Пайдалы ақпараттық ресурстар