18 Қаң 2024
Жаңалықтар

9-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторларымен бірлескен 9-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен алаяқтарға ұрынбаудың жолдары жайлы Тарбағатай АПБ КПБ бастығы полиция майоры Е.Сарипов пен Тарбағатай АПБ КПБ бастығының орынбасары полиция майоры Д.Турабаев мектеп қызметкерлері мен мектеп оқушыларына бөтен біреудің затына қолсұғушылық пен бопсалау, етек алып бара жатқан интернет алаяқтарына алданып қалмау жайлы кеңінен түсініктеме берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Абуюрова балаларды интернеттегі зиянды ақпараттардан қорғау барысында жиі жиналыстар өткізіліп, мектепке ұялы, смартфон телефондарын алып келуге болмайтындығы жөнінде хабарлады. Оқушылар келген инспекторларға ойларында жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
#құқықбұзушылық
#интернеталаяқтары
#түсіндірмежұмыстары
#Біртұтастәрбие

Пайдалы ақпараттық ресурстар