18 Қаң 2024
Жаңалықтар

3-7 сынып оқушылары мен әке-ағаларының қатысуымен эстафеталық сайыс өтті

«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-нің тәрбие саласы бойынша желтоқсан айында атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес, 3-7 сынып оқушылары мен әке-ағаларының қатысуымен эстафеталық сайыс өтті.
Мектебімізде отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  7 отбасы қатысты.
Аталмыш сайыс 2 кезеңнен тұрды:
1-кезең:
✅️ Кедергілердің арасымен жүгіріп барып, алдын-ала дайындалған математикалық есептерді шығарып, қайта жүгіріп қайту;
✅️ Белгіленген жерге дейін секіртпемен секіріп, қайту;
✅ Асық ату;
✅ Картоп егу;
2-кезең:
✅️ Допты аяқтың ортасына қысып жүру;
✅️ Арқан тарту;
✅️ Қаппен жүгіру;
✅ Теңге алу;
Сайысқа түскен қатысушылар өздерінің жеңіске деген құштарлығымен әр кезеңдерден сүрінбей өтті.
Сайыс соңында жүлделі орындардан көрінген отбасылар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
#Біртұтастәрбие
#Отбасылықсайыс

Пайдалы ақпараттық ресурстар