18 Қаң 2024
Жаңалықтар

15 қаңтар күні мектеп психологы Айнұр Ақылтайқызы және интернат тәрбиешілері Омарханова Нұргүл және Баракбаева Айжан бірлесіп, "Әдептілік-әдемілік" атты тренинг жүргізді

«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне 15 қаңтар күні мектеп психологы Айнұр Ақылтайқызы және интернат тәрбиешілері Омарханова Нұргүл және Баракбаева Айжан бірлесіп,  "Әдептілік-әдемілік" атты тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар "Ыстық орындық" жаттығуын орындады,ортада отырған оқушының жағымды және жағымсыз қылықтарын баяндады, келесіде олар екі топқа бөлініп, постер қорғады.
Тренингтің мақсаты: Адам   бойындағы   ұнамды, ұнамсыз   қылықтарды  ажырата   отырып, әдеп әліппесін  бойына   дарыту,  таным  белсенділігін  арттыру. Интернат тәрбиеленушілерін адамгершілікке,  қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке әдептілікке, еңбексүйгіштікке  үйрету. Әдеп  пен  сыпайылық   арқылы  жаман  әдеттен  аулақ    болуға  тәрбиелеу.
#Біртұтастәрбие
#психология
#мектепжанындағыинтернат

Пайдалы ақпараттық ресурстар