М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі және Ақжар ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлы ұстаз, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай және 5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі аясында "Тілім менің - ғасырлардан аманат" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Тіл- әрбір халықтың басты құжаты. "Тілі бірдің-тілегі бір" демекші мемлекеттік тіл ұрпақтан-ұрпаққа жалғанған ұлттық мұра. "Тіл тазалығы- жан тазалығы". Баршаңызды Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз!